|    |  
05 желтоқсан 2019
22:23
Әлеуметтік желілерде жасөспірімдерді суицидке итермелейтін топтар пайда болды
01 ақпан 2017, 13:57 58



Ғаламторда жасөспірімдерді 50 күннің ішінде өлтіріп тынатын топтар қызу талқыға түсуде. Өз-өзіне қол салуға әкелетін ойын еліміздегі ата-аналардың алаңдаушылығын тудырып отыр деп хабарлайды КТК арнасы.

Зума Абдуллаева – жасөспірім қызын суицидке апарар жолдан дер кезінде арашалап қалғандардың бірі. Ол перзентінің қауіпті топқа мүше болып, ойынға берілгенін көпке дейін білмеген.

"Бір күні қызымның қол тамырының жарақаттанғанын байқап, мән-жайды сұрадым. Ол өз тамырын өзі кәдімгі сызғышпен кесіпті. Қызымды бұған не итермелегенін де білдім. Содан бері оның әлеуметтік желідегі парақшасын қатаң бақылаймын", - дейді Алматы қаласының тұрғыны Зума Абдуллаева.

Сөйтсек, 16 жастағы Диананы ойынға «Вконтактедегі» өлімге жетелейтін топтың өзі шақырыпты. Солардан келген жеке хабарламадан соң, ол ойланбастан қауіпті ойынның мүшесі болып шыға келген.

"Мен сенің жеке китіңмін. Ойын ойнайық" деген хабарламалар бірінен соң бірі келді. Шарт бойынша, ол маған тапсырма береді. Мен оны орындап, күнбе-күн фото, видео түрінде есеп беріп отыруым керек", - дейді Диана.

Қатысушының өз-өзіне жарақат салуы 50 күнге созылатын ойынның бастамасы ғана. Ал соңы суицидпен аяқталады. Жеңіс те осы екен.

Талай ресейліктің өмірін қыршынынан қиған ойын біздің елде де етек алып барады. «Инстаграм» мен «Вконтактедегі» суицидке итермелейтін қай топты ашсақ та, белсенді қазақстандықтар толып жүр. Кейбір жасөспірімді топ жетекшілері шақырса, кейбірі қауіпті ойынға өздері қызығады екен.

Жастарды «Тихий дом», «Море китов» деп аталатын ойындарға тартатын топтардың санында да шек жоқ. Кейбірінде суицид туралы ашық жазылады.

"Ойынға негізінен 9-13 жас аралығындағы жеткіншектер тартылады. Дәл осы кезде олар өте ерме болады. Ұйымдастырушылар психологиялық тұрғыда әлсіз балалардың жанды жерінен ұстай біледі", - дейді психология ғылымдарының докторы Раушан Кәрімова.

Сондықтан баланы жіті қадағалау керек дейді психологтар. Ал қауіпті топтар елімізде бірінен соң бірі бұғатталуда. Бірақ бұл топ ашатындарға тосқауыл болмай тұр.

Былтыр депутаттар 16 жасқа толмаған балалардың әлеуметтік желіге кіруіне заңмен тыйым салу туралы бастама көтерген болатын. Бірақ ондай шара әлі қабылданған жоқ.


Дереккөзі: http://www.ktk.kz
Все новости