|    |  
20 қараша 2018
18:37
Әли Оқаповты не үшін әскер қатарына қабылдамайды
31 қазан, 10:24 1025



Әнші Әли Оқапов “Время” газетінің журналисі Оксана Василенкоға берген сұхбатында әскери мансап құруды армандағанын, алайда оны әскерге қабылдамай қойғанын айтты.

Әскери комиссариатқа екі рет жүгінген Оқаповтың өтінішін ол жердегілер қабылдамаған. Себебі Әлидің денсаулығы сарбаз болуға жарамсыз деп табылған.

“Жалпақтабандылық бар, одан бөлек омыртқам қисайған, жамбасым жылжып кеткен, бір иығым екіншісінен биік, ол кезде салмағым да жетпеген әрі бас сүйек-ми қысымы бар еді. Мұның бәрі аспаптарды үйренген кезде дұрыс отырмағанымнан туған”, – деп атап өтті Оқапов.

Айта кетейік, Әли К.Байсейітова атындағы музыкалық мектебінің пианино сыныбын, ал Жүргенов атындағы өнер Академиясын вокал мамандығы бойынша тәмамдаған. Жуық арада Оқапов өнертанушы дипломын алмақ.



Дереккөзі: Stan.kz
 
Все новости