|    |  
22 ақпан 2020
19:44
Алла мен шайтанды сұраған Абайға Мәшһүр Жүсіптің ұтымды жауабы
11 ақпан 2020, 11:34 133

Абай атамызға Мәшһүр Жүсіп атамыз сәлем бере келсе керек. Сонда Абай:
- Мәшһүр деген атыңды естіп едім, сұрақ қояйын, сұрағыма жауап бер - депті.
- Ия, қойыңыз, - деген екен Мәшһүр.
- Онда Алла қайда, шайтан қайда, - депті Абай атамыз.
- Алла менің жүрегімде, шайтан сіздің тіліңізде, - деген екен сонда Мәшһүр Жүсіп атамыз іркілместен.
- Абай қатты риза болып, жеке үй тіктіріп, құда күткендей күтіп, сыйлап жіберіпті. Кейін үйіндегілердің "бір ауыз сөзіне бола мына жігітке осыншама құрмет көрсеттіңіз, оның не сыры бар дегеніне Абай атамыз:
"Сендер түсінбеген шығарсыңдар, мына жігіт шынымен Мәшһүр деген атқа лайық екен, Алла жүрегімде дегені расымен адам Алланы жүрегімен таниды, ал Алла қайда деген сұрақты тілге шайтан салады",- деген екен.

Дереккөзі: "Деген екен топтамасы" 
Все новости