|    |  
20 қазан 2019
16:18
Алматыда Аружан Саинның атын жамылған алаяқтар пайда болды
21 ақпан 2017, 18:10 41


Алматыда белгісіз жігіттер Аружан Саинның қорының өкіліміз деп жұрттан ақша жинаған. Бұл туралы Аружан өзінің Фейсбуктегі парақшасында хабарлады.

“Достар! Біздің қор қолма-қол ақша жинамайды. Біз тек қайырымдылық қаражатын банк, смс, терминал және online-төлем арқылы қабылдаймыз”, – деп жазды ол.

Елена Кукеле есімді қолданушының жазуынша, бейтаныс жігіттер Алматының орталық көшелерінде жұрттан ақша жинаған. Өздерін Аружан Саин қорының өкілдеріміз деп таныстырған жігіттер, суретке түсуден де еш қашпаған. Олар күн сайын әртүрлі құрамда, бірақ дәл осы киіммен жұрттан ақша сұрайды екен.



Қайырымдылық қорының басшысының айтуынша, олар қайырымдылық мақсаттағы ақшаның барлығын заң аясында жинап, сол заң аясында ғана жұмсайды. Сол себепті қордың жұмыс жүйесі толықтай дерлік банк есепшоты жүйесіне үйлестірілген.

“Ешбір адамға біздің қордың атынан Қазақстанның қалаларында, бизнес-орталықтарда, кафелерде, көшелерде ақша жинауға өкілеттілік берілмеген”, – деді Аружан Саин.


Дереккөзі: Stan.kz
Все новости