|    |  
21 қараша 2018
14:59
Алматыда басқарусыз трамваймен болған ЖКО-ның бейне жазбасы пайда болды
14 қазан, 12:44 1060
Алматыда Мақатаев көшесінде басқарусыз трамвайдың көліктермен соқтығысқанын көліктердің біріндегі видеорегистраторға түсіп қалған, деп жазады Today.kz.



Андрей Мун атты пайдаланушы өзінің Facebook парақшасына роликті орналастырып қойған.

Естеріңізге салсақ, Алматыда жолаушылар отырған басқарусыз трамвай 14 көлікке соқтығысқан. Жолаушылардың сөзіне қарағанда, жүргізушісі трамвай өшіп қалғандықтан, одан шығуға тура келген. Трамвайды жөнедуге кірісіп, ол трамвай сыртында тұрып, ішіндегі жолаушыға тежеуіш батырмасын басуды сұраған. Жолаушылардың пайымдауынша, ол әйел батырманы шатастырып, "газды" басып жіберген, содан трамвай алға жүйіткіп, ТЖ орын алған.

Іс бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.

Все новости