|    |  
16 қараша 2018
23:01
Алматыда қоқыс жәшігінен кесілген адам басы мен қолы табылды (фото, видео)
07 қыркүйек, 09:52 4116


Алматы қаласының Абылайхан көшесінің бойындағы көппәтерлі тұрғынүйлердің қоқыс жәшігінен ер адамның кесілген басы мен қолы табылды. Бұл туралы Zakon.kz хабарлайды.

Оны қоқыс ақтарып жүрген ер адам тапқан. Оның айтуынша, спортық сөмке ішінде шүберекке оралған екі пакет болған. Оның бірінде 25-30 жас шамасындағы ер адамның басы, екіншісінде қолы болған.



Мұны көріп шошыған ер адам жолға қарай жүгіріп, жол полциясын кезіктіреді. Ол полицейлерге мән-жайды хабарлайды. Оқиға орнына тергеу тобы мен криминалистер келіп, аймақ қоршауға алынды.



Ер адамның жеке тұлғасын сот-криминалдық сараптама тағайындайтын болады. Айта кетейік, оқиға орнына жақын жерде бала-бақша мен гимназия орналасқан.








Дереккөзі: Stan.kz
Все новости