|    |  
20 қазан 2019
16:09
Алтынай Жорабаева: Қыздарымның әкелерін көрмегеніне бір жылдан асты
22 қараша 2017, 17:12 69
Сәбит Әбдіхалықовтан ажырасқан Алтынай Жорабаева қыздарының әкелерін көрмегеніне бір жылдан асқанын айтады. Бұл туралы әнші «Ревю» бағдарламасына айтқан.


 
«Қыздарға уже бір жылдан асады көрмегендеріне. Келіп, хабарласып, өздері бір жаққа барамыз деп тұрса, мен ешқашан қарсы болған емеспін. Керісінше, біз өзіміз қайта-қайта іздемейміз ғой. Олар өздері келіп іздемесе, қалай? Ер адам емес пе? Мен қыздарды көшеден тауып алған жоқпын. Қыздарымның әкесі ғой қандай болса да, аман болсын! Ол да үлкен қызметте жасап отыр, жұмыс істеп отыр. Оның қызметіне зиянымыз тимеу керек бір жағынан.
 
Мен мұның барлығын айтпауыма да болатын еді. Өйткені, көп адам сол сұраққа келе бергеннен кейін «Иә, ажырасқаным рас!», – деп айттым да енді. Өйткені, үш жылға жақындап қалды. Мен оны басталғанда айтсам, баяғыда білетін еді»-дейді әнші.
 
 Сәбит пен Алтынайдың Аяулым, Айнара, Семанұр және Көркем есімді төрт қызы бар. Ерлі-зайыптылардың ажырасқанына екі жылдан асқан. Бүгін де Алтынай Астанада, Сәбит Алматыда тұрып жатыр. 
 
Дереккөз: Reactor
Все новости