|    |  
26 мамыр 2019
08:03
Алтынай Жорабаева нумерологтарды қатаң сынға алды
14 қаңтар 2019, 10:36 12
Әнші Алтынай Жорабаева ай толған түні ақша шақырады деп түрлі амал-әрекеттерді жасауға үгіттейтін нумерологтар мен астрологтарды сынға алды. Әнші желідегі парақшасында Аллаға серік қоспау керектігін, ақша шақырады деген неше түрлі рәсімдердің Аллаға серік қосу екендігін жазған.


 
«Лақтырсаң сынатын, өртесең жанатын жансыз зат бақыт әкеледі, ақша шақырады деп жүргендерге таң қаламын. "Біз оны Құдай деп жатқан жоқпыз ғой" деп ақталады. Алайда, Алла Тағала қасиетті Құранда "Мен күре тамырыңнан да жақынмын, Маған құлышлық еткенде ешқандай серік қоспа!" деген. Егер пенде Алладан өзгеге өз өмірін тапсырса, Аллаһ та ол адамды сенген затына тапсырып қояды. Ал енді өзіңіз ойлаңызшы, әлемдердің Раббысының қорғауында болған жақсы ма, қытайлардың құрбақасына қарап отырған жақсы ма? Бақ әкелсе, байлық берсе, қытайлар соны сатып байымай, өздерінде қалдырар еді-ау. Бірдеңені ұстамаса, көрмесе болмайды дегеннен, Аллаға тікелей жалбарынған, Алладан ғана сұраған адам ұтады ғой. Басшының өзіне біреу арқылы шыққаннан, өзіне тіке кірген нәтижелі емес пе жәй мысалыға айтқанда. Бірақ Алла ешкіммен, ешнәрсемен салыстыруға келмейтін Жаббар Ие! "Арманыңды мына сағатта жаз, мына бағытқа қара, бүгін полнолуние" деп әр бағытта адастырып жүргендер тағы бар. Иә Арманды жазу керек, мақсатты айқындау үшін жазып, сызып отыру керек. Бірақ, оны мына күні деп шектеп қою қайдан шыққан? Рамазанның кештері, Қадыр түні, түнгі намаз десе мейлі ғой. Полнолуние дейтіні . Жындардың қозып, аурулардың асқынатын кезін айтатынын бірі білсе, екінші соған еріп, адасқанына, шатасқанына мәз. Дұға оқы, Алладан сұра дегеніне қарап жөні түзу адам деп ойласаң, жер бетіндегі ең үлкен күнәға бастап жатқанын көріп жағаңды ұстайсың. Бұрынғының бақсы-балгерінің бүгінгі заманауи көрінісі ғой. Мен достарымды жақсы көремін, бірақ ақиқат қай жерде де жоғары. Адам досының дінінде. Қияметте ескертпегеніміз себепті сұраламыз. Тіпті, неге қайта қайта ескертпедің деп шырылдап кетеміз ғой есеп сұралар кезде. Мен жүрегім езіліп, мейіріммен, достық махаббатпен жазып отырмын осы постты. Не десеңіздер де, бұл Ақиқат!»-дейді әнші.

Дереккөз: Reactor
Все новости