|    |  
20 қараша 2018
22:45
Америкалық жұп 7 метрлік тереңдікте неке қиды
27 тамыз, 09:31 791
Америкалық жас жұбайлар некесін су астында қиды. Ерекше салтанатты шара Флорида жағалауындағы 7 метрлік тереңдікте өтті.


Дәстүрлі костюмдегі күйеу жігіт пен етегі кең көйлектегі қалыңдықтың сөз байласқан сәті естен кетпес оқиға болғаны сөзсіз.

Жарасымды жұп су түбіндегі Иса пайғамбардың тас мүсінінің жанында бір-біріне өмір бойы қамқор болуға уәде берген. «Осыдан 50 жыл бұрын орнатылған ескерткіштің алдында серттесудің өзіндік сыры бар», - дейді жастар. Кимберли Трайолет, қалыңдық: - Мүсіннің орнатылуына 50 жылдық мерейтой күні үйлену – біз үшін ғажап оқиға. Енді араға 50 жыл салып алтын тойымызды осында атап өтсек деген ойымыз бар.

Дереккөзі: 24 kz
 
Все новости