|    |  
12 желтоқсан 2018
23:49
Анасы ұлдарына мұраға миллион еуро, қыздарына ыдыс-аяқ қалдырған
12 қараша, 12:06 101
Ирландияда мұрагерлердің бірнеше жылға созылған таласына нүкте қойылды. 


 
2013 жылы көз жұмған әйел үлкен ұлына құны 42 мың еуро тұратын жер, екінші ұлына құны 3 млн еуро тұратын жер қалдырған. Үшінші ұлының үлесі 748,5 мың еуроны құраған. Ал әйелдің үш қызы бес мың еуродан алған. Сондай-ақ оларға ыдыс-аяқ пен ас үй құрылғылары қалған.
 
Үлкен ұлдың алған мұрасына көңілі толмай, сотқа шағым түсірген. Ол 15 жасынан әке-шешесінің фермасында жұмыс істегенін және анасының көзі тірісінде бұдан да көп үлес қалдыруға уәде еткенін айтқан. Соңында сот оның шағымын қанағаттандырып, мұрасын 1,27 млн еуроға дейін арттырған. Ал қыздары болса бұл бөліске ешқандай шағым түсірмей, мұраған қалған ыдыс-аяқтарын иемденген.

Дереккөз: Сегодня
Все новости