|    |  
18 қараша 2018
23:26
​Англияда мысық кір машинада жуылғаннан кейін аман қалған
29 шілде, 10:15 541

 
Британияның Ноттингем қаласында Бобби атты мысық  60°С қосылған кір машинада «жуылып», дін аман шыққан. Бенгал тұқымдас мысықтың қожайыны Лиза Киф мысығының кір машинаның ішіне кіріп алып, пырылдап ұйқыға кеткенін білмей қалған. Агрегаттан қатты дыбыс шыққанда ғана кір машинаны тоқтатқан. «Шуды естігеннен кейін мен дереу ас бөлмеге барып, кірдің ішінде Боббиімнің жуылып жатқанын көрдім. Жанталасып кір машинаны тоқтатып, оны шығарып алдым»-дейді Лиза.  Кір жуатын машина мысықтың демалатын сүйікті жері екен. Қожайыны дереу оны дәрігерге апарған. Мысық кір машинада екі минуттай болған. «Бұл оқиға Боббидің кір машинаға деген махаббатын тыйды. Қазір мысығым оған жоламайды»-дейді қожайыны.
 
Дереккөз: BBC.
Все новости