|    |  
18 қараша 2018
17:13
​Англияда секс-робот жасауды тоқтату талап етілуде
16 қыркүйек, 09:27 1349
Ұлыбританияда жасанды интеллектісі бар секс-роботтарды жасап шығаруды тоқтатуға арналған науқан басталды. Бұл туралы The Independent хабарлады.



Науқанды ұйымдастырушы Лестердегі Монфорт университетінің өкілі Кэтлин Ричардсон роботты сексуалды әріптес ретінде пайдаланудың гендерлік тепе-теңдік бұзатынын атап өтті. Ол бұған еркектің жыныстық қатынасында әйелдің жалғыз нысан болуы керек екенін қосты. «Роботты пайдалану эмпатияны төмендетіп, адамдарды басқа жұртпен қарым-қатынас жасаса білуден айырады», – деді Ричардсон.

Бұдан басқа, зерттеушілердің мәлімдеулерінше, секс-робот әйелдер арасында жезөкшеліктің кең өріс алып кетуіне жол ашады. Себебі, бұл жағдай әйелдер мен балалардың «толыққанды» емес жағдайға жеткізіп, олардың секстегі әріптес болып кетулеріне апарады.

Дереккөзі: ras.kz
Все новости