|    |  
22 ақпан 2020
03:36
Антонио Бандерас үйлену тойына дайындалуда
31 шілде 2015, 09:17 45
Антонио Бандерас үйлену тойына дайындалуда


Атақты актер тағы бір рет отбасын құрмақшы. Антонио Бандерастың әйелі Мелани Гриффитпен ажырасатыны туралы сыбыс өткен жылы шыққанымен, олар осы кезге дейін мүлік бөлісе, қыздары Стелланың ажырасудан соң кіммен қалатынын ұйғара алмай жүрген еді. Бірақ таяуда жұлдызды жұптың некесі ресми түрде бұзылғандығы туралы басылымдар хабарлады. Ажырасудың тездетілуіне Бандерастың жаңа құрбысы Николь Кемпел ықпал еткен көрінеді. Голливудтегі нөмірі бірінші мачо осы голландиялық банкирді кейінірек кездестіргенін талай рет тілге тиек етті. Оның айтуынша, Меланимен байланысын үзуге Николь басты себеп болмаған.  Кездескендеріне аса көп уақыт өтпесе де, енді Бандерас Никольге ресми түрде үйленбекші, деп жазады informing.ru.

Дереккөзі:24.kz
Все новости