|    |  
27 наурыз 2019
09:57
Әпсана: Бір көбелек пен үш адам
28 қараша 2018, 10:11 4


Жаңбырдан кейін бір көбелек жанталаса тырмысып, үзіліп түгесілген торлар арқылы дуал үстіне қарай өрлеп барады. Бірде тайғақ су құлатса, бірде торлары үзіліп кетіп, қайта-қайта жоғарыға өрмелеп, жанталасып келеді.
Қайта-қайта, қайта-қайта... Бірінші адам оны көріп, «Уһ!» деп бір күрсінді де ішінен: «Менімен тағдырлас сорлы екенсің-ау, жанталасып шығасың, қайта құлайсың...» деп ойлады да жүріп кетті.
Екінші адам бұл жайтты көріп: «Мына көбелектің ақымағын-ай. Неге қасындағы құрғақ жолмен айналып бара салмайды екен? Мен сен болмаспын, ей, ақымақ көбелек!» деп ақылды кісі сияқтанып, ол да жолына түсті.
Үшінші адам бұл жағдайды ұзақ бақылап тұрғаннан кейін, көбелектің әрекетінен зор шабыт алды. Парасатты деген адамның өзі бір құлаған орнынан екінші тұрып кетуі қиын.
Жеңіске, табысқа жетуге сенімі бар адамдар әрқашан жығылған орнында жата бермейді, бұл рухтың күшін сезінеді.
Все новости