|    |  
14 желтоқсан 2018
01:10
Әр испандық жанұя жылына €500 тұратын тамақты қоқысқа төгеді
22 қазан, 09:24 768
Toluna халықаралық сауалнама жүргізу агенттігі зерттеу жасады. Нәтижесінде испандықтардың дүкеннен сатып әкелінген тамақ өнімдеріне ұқыпсыз қарайтыны анықталды. Соның салдарынан әр испандық жанұя жылына €500 тұратын тамақты қоқысқа төгеді екен.



Сауалнама сұрақтарына жауап бергендердің 80%-ы тоңазытқышта тұрған азық-түліктің қалай бұзылып кеткенін байқамай қалатын болып шықты. Мұндай салғырттық салдарынан әр отбасы айына 40 еуроның тамағын қоқысқа лақтырады. Ал 1 жыл ішінде бұл көрсеткіш 500 еуроға жетеді. Жарамсыз болып қалып, қоқыс жәшігіне ең жиі түсетін нан және оның өнімдері болып шықты, деп жазады 24.kz espanarusa.com-ға сілтемемен.
Все новости