|    |  
23 қаңтар 2020
15:41
Арықтауға көмектесетін ең тиімді диета
26 желтоқсан 2019, 17:00 112
Артық салмақтың негізгі себебі көп жағдайда қарынның созылуы болып жатады. Ал қарын көп жегеннен созылып, созылғаннан кейін одан ары көп тамақ жей беруге тәбет ашылып тұрады.



Сондықтан қарынның созылуын тоқтату керек. Ал ол үшін жейтін тағамның бір реттік өлшемін, яғни порциясын азайтқан жөн. Осылайша табиғи жолмен арықтауға болады. Сондай-ақ қарын кішірейіп, өз мөлшеріне келеді, асқорыту процесінің жұмысы дұрысталады, тиісінше, артық салмақтан да арыласыз. Ол үшін «5 ас қасық» диетасын ұстап көріңіз.

Диетаны қалай ұстайды?
Тамақтың бір порция көлемі – 150-200 г немесе 5 ас қасық мөлшерінде болуы керек. Тағамдарға қойылатын аса қатты шарт та жоқ. Тек нәтижеге тезірек жеткіңіз келсе, ұн тағамдары, шоколад пен тәтті газдалған сусындардан бас тартыңыз.сондай-ақ шай мен кофені қантсыз ішіңіз.
Тамақ ішу уақытын қатаң ұстаныңыз. Ол интервал – 3 сағат. Жеген тағамнан кейін дереу шай немесе өзге де сусындар ішуге болмайды. Ол қарын қабырғаларын созуға әсерін тигізеді.


Диетаның тәуліктік мөлшері
7:00 – 5 ас қасық жарма ботқасы (немесе күріш және т.б. ботқасы).
30 минут өткеннен кейін – қантсыз шай (немесе сүтпен кофе, какао, т.б.)
10:00 – кез келген жемістер, жеміс салаты, йогурт пен жеміс.
13:00 – 5 ас қасық қарақұмық ботқасы (немесе картоп езбесі, күріш, көкөністерден рагу, үрмебұршақ ботқасы). Ағуыз түскі асы – 200 г айран немесе 3 ас қасық қарақұмық пен тауық етінен шағын екі тілім.
16:00 – 200 г айран немесе қияр мен қызанақ. Сондай-ақ жаңғақтар жеуге болады. Немесе лаваш пен қатты ірімшіктен кішігірім бутерброд дайындап жеңіз.
19:00 – 5 ас қасық қарақұмық немесе 200 г балық (немесе 1 стакан айран, 5 ас қасық буда пісірілген көкөністер).

Бұл тамақтану жоспарын еш бұзбай ұстансаңыз, тез арықтап қана қоймай, ағзаңызға да ешқандай кері әсерін тигізбейсіз. Керісінше, ағзаңызды емдейсіз. Диетадан кейін артық салмақ қоспайтын боласыз. Өйткені қарын қабырғалары орнына келгеннен кейін асқа деген сұраныс та әлдеқайда аз болмақ.

Дереккөз: Reactor
Все новости