|    |  
20 тамыз 2019
15:19
Аша Матай бала тәрбиесіндегі ұстанымдарымен бөлісті
16 тамыз 2019, 15:10 69
Әнші, актриса, тележүргізуші Аша Матай бала күнінде ата-анасынан қандай тәрбие алғанын айтып, өзінің бала тәрбиесіндегі ұстанымдарымен бөлісті.


 
«Кішкентай кезімізден артық та, кем де болмай ел қатарлы өстік.. Мен ешқашан ата-анамның ысырапшылдық танытып,  балаларына «қалағаныңды ал»- дегенін көрген емеспін. Бізді қатал тәрбиеледі, үшеуміз де «ұят болады, обал болады» деген  екі қастерлі ұғымның негізінде өстік.

Қалтамызға  артық ақша салмайтын. «Досымда  мынандай зат бар, маған да әпер» - деген еркелігімізді көтермейтін.
Анамыз «жоқ» десе кәдімгідей іштей ренжісек те, сырттай мінез көрсетіп, истерикаға салынбайтынбыз. Бірақ, осы тәрбиенің қадірін қазір түсініп жүрмін.

Дүниеге балаң келгенде ол сенің  өміріңнің мағынасына айналады. Әлемдегі ең сүйікті мөлдіреген көздерге қарап «жоқ» деп айту, ерекше махаббат пен қамқолытың белгісі екеніне көзім жетті.
Неге?

 Өйткені балаңды қанша жерден жақсы көрсең де, оны өзіңнің ғана емес, елдің баласы болуға тәрбиелеу керек. Демек қоғамда өз орнын білетін, кішіпейілдік пен сыпайылықты бойына сіңіріп өскені дұрыс. Ондай баланы сен ғана емес, қоғам да бағалайтын болады.

Ана боларымды білгенде түрлі халықтардың бала тәрбиелеу дәстүрін  зерттеп шықтым. Жапондықтар 5 жасқа дейін балаға «жоқ» деп айтпа дейді, еуропалықтар 18-ден кейін баланы бөлек шығарып,  бостандығын бер дейді, бірақ бір түйгенім өз қазағымның, анамның берген тәрбие формуласынан артығы жоқ.

Жапондықтар жапондықтарды өсірсе, біз қазақтарды өсіреміз ғой... Ал Сіз бала тәрбиесінде қандай қағидаларды ұстанасыз?»-дейді әнші.
 

Кішкентай кезімізден артық та, кем де болмай ел қатарлы өстік.. Мен ешқашан ата-анамның ысырапшылдық танытып,  балаларына «қалағаныңды ал»- дегенін көрген емеспін. Бізді қатал тәрбиеледі, үшеуміз де «ұят болады, обал болады» деген  екі қастерлі ұғымның негізінде өстік. Қалтамызға  артық ақша салмайтын. «Досымда  мынандай зат бар, маған да әпер» - деген еркелігімізді көтермейтін. Анамыз «жоқ» десе кәдімгідей іштей ренжісек те, сырттай мінез көрсетіп, истерикаға салынбайтынбыз???? Бірақ, осы тәрбиенің қадірін қазір түсініп жүрмін. Дүниеге балаң келгенде ол сенің  өміріңнің мағынасына айналады. Әлемдегі ең сүйікті мөлдіреген көздерге қарап «жоқ» деп айту, ерекше махаббат пен қамқолытың белгісі екеніне көзім жетті. Неге? Өйткені балаңды қанша жерден жақсы көрсең де, оны өзіңнің ғана емес, елдің баласы болуға тәрбиелеу керек. Демек қоғамда өз орнын білетін, кішіпейілдік пен сыпайылықты бойына сіңіріп өскені дұрыс. Ондай баланы сен ғана емес, қоғам да бағалайтын болады. Ана боларымды білгенде түрлі халықтардың бала тәрбиелеу дәстүрін  зерттеп шықтым. Жапондықтар 5 жасқа дейін балаға «жоқ» деп айтпа дейді, еуропалықтар 18-ден кейін баланы бөлек шығарып,  бостандығын бер дейді, бірақ бір түйгенім өз қазағымның, анамның берген тәрбие формуласынан артығы жоқ. Жапондықтар жапондықтарды өсірсе, біз қазақтарды өсіреміз ғой...???? Ал Сіз бала тәрбиесінде қандай қағидаларды ұстанасыз? ????#АшаМатай #БалапандарАманБолсын #БақыттыБолайықБәріміз

Публикация от Asha Matai❤❤❤❤❤KZ (@asha_matai)


Дереккөз: Reactor
Все новости