|    |  
27 наурыз 2019
09:36
Ашқарынға не жеуге болмайды?
29 желтоқсан 2018, 10:49 7


Асты да абайлап жеген абзал. Ал ашқарынға төмендегідей тағамдар жемеу керектігін біле жүргейсіз. 

Кофе. Ертемен тұрып кофе ішемін дейтіндерді жиі естиміз. Десе де кофе асқазанды қоздырып, сөлді көптеп шығарады екен. Ал оның әсерінен гастрит ауруына тап болуыңыз мүмкін. 

Банан. Бананның құрамында магний элементі көп. Ол жүрек-тамыр жүйесін реттегенімен ашқарынға банан жесеңіз, кальций-магний байланысын бұзады. 

Суық сусын. Аш асқазандағы тамақ қортылуы үшін суық сусындардан гөрі жылы су ішіңіз. 

Піспеген көкөністер. Көкөністердің құрамында болатын табиғи қышқылдар ішек шырышының қабынуының бірден-бір себебі. Бұл асқазандағы ойық жаралар мен гастритке алып келеді. 

Йогурт. Таңертең асқазанға йогурттың құрамындағы бактериялар қажеті шамалы. Одан да оны таңғы астан кейін немесе кешке астан кейін жеген пайдалы. 

Тәттілер. Ашқарынға тәтті жеуге болмайды. Ол қан құрамындағы қанттың өсуіне әкелуі мүмкін. 

Цитрус. Ашқарынға цитрус жемісін жеу аллергия, гастрит ауруларын қоздырады.
Все новости