|    |  
22 қараша 2018
03:11
“Астана арландары” маусымда алғаш рет жеңіліске ұшырады
27 сәуір, 10:05 803
“Астана арландары” маусымда алғаш рет жеңіліске ұшырады 26 сәуір Бергамодағы бүкіләлемдік бокс сериясы бойынша өткен матчтық кездесуде “Astana Arlans” “Italia Thunder” командасына 2:3 ұпай санымен есе жіберді, деп хабарлады Sports.kz.


Нақтырақ айтқанда, Мирас Жақыпов (52 келі) Гаурава Бидхуриден 1:2 есебімен ұтылса, Роман Шегринов (60 келі) Донато Козенцадан (0:3) жеңілді.

Дегенмен, Асылан Шымбергенов Адам Патрик Ноланды 3:0 есебімен ойсырата жеңсе, Хрвое Сеп (91 келі) Валентино Манфредоньяның соққысына төтеп бере алмады, есеп – 0:3.

Айта кету керек, бұл – “Астана арландарының” 13 жеңісінен кейінгі бірінші жеңілісі.


 
Все новости