|    |  
14 желтоқсан 2018
12:34
​«АСТАНА» ВЕЛОКОМАНДАСЫ АҚШ-ТА ӨТІП ЖАТҚАН ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫНДА СЕГІЗІНШІ ОРЫНДЫ ИЕЛЕНДІ
22 қыркүйек, 11:51 764

Американың Ричмонд қаласында велоспорттан Әлем чемпионатында командалық ерлер жарысы өтті, деп хабарлады Sports.kz.

Бұл додада америкалық BMC Racing Team бірінші, Etixx – Quick Step (Бельгия) екінші орынды иеленсе, испандық Movistar Team үшінші орынға жайғасты.

Қазақстандық «Астана» командасы сегізінші орынды иеленді.

Аталған сайыста команда намысын голландиялық Ларс Бум, дат шабандозы Якоб Фульсанг, украиналық Андрей Гривко, эстониялық Танел Кангерт, испаниялық Луйс Леон Санчес және қазақстандық Алексей Луценко қорғап, 38,8 шақырымға созылған жарыс жолын 43 минут 45 секунтта бағындырды.

Дереккөзі: baistars.kz
Все новости