|    |  
14 қараша 2018
11:48
Астанадағы “Думан” кешені сатылып кетті
13 сәуір, 10:51 1080


Электронды сауда кезінде “Думан” ойын-сауық орталығы 3 млрд 403 млн 500 мың теңгеге сатылды. Бастапқы бағасы – 3 млрд 403 млн 306 мың 144 теңге. Бұл туралы gosreestr.kz порталындағы мәліметтерден білуге болады. 

Электронды саудағы қатысу үшін 2 өтініш жіберілген. “Думан” ойын-сауық орталығын сатушы – Астанадғы Коммуналды мүлік және мемлекеттік сатып алулар басқармасы. Сауда жеңімпазы кім екендігін белгісіз.

Тендер шарты бойынша сатып алушы обьектінің қызметінің сақтап қалуы қажет яғни 10 жыл көлемінде балаларға және ересектерге арналған ойын-сауық түрлері жұмысын тоқтатпауы тиіс. “Джунгли” аттракционы мен океанариумы да 10 жыл бойы жабылмауы керек. Сондай-ақ тендер жеңімпазы ғимаратқа жөндеу жұмыстарын жүргізуге міндетті.

“Думан” ойын-сауық орталығы 2003 жылдың мамырынан бері жұмыс істейді. Қазіргі уақытта орталықта океанариум, “Джунгли” аниматроникстер театры, 5D – кинотеатр, зообақ-экзотариум бар.

Дерекөзі: 7kun.kz
Все новости