|    |  
17 қараша 2018
07:25
Астанадан пәтер алу үшін кемі 2 жыл тіркеуде тұруы қажет
11 желтоқсан, 10:51 795
Баспаналы болу үшін елордаға ағылатын ағайынға шектеу қойылды. Бұдан былай Астанадан пәтер алу үшін азаматтар онда ең кемі 2 жыл тіркеуде тұруы қажет.

Бұл туралы Астананның тұрғын үй басқармасының басшысы Руслан Ахметов мәлімдеді деп жазады Алматы арнасы.

Жуырда елбасы Нұрсұлтан Назарбаев республиканың әр өңірінен баспаналы болғысы келетін халық Астанаға ағылып кезекке тұрып, жарты жылдан соң-ақ пәтерге қол жеткізетінін сынға алған.

Сәйкесінше тиісті шаралар қолданылып, заңнамаға бірқатар өзгерістер енгізілді. Енді бас қаладан баспана алғысы келетін жас отбасылар Астанада кемінде 2 жыл тіркеуде тұруы шарт. Ал ондай құжаты болмаса, мемлекеттік тұрғын үй бағдарламасына қатыса алмайды. Бұған қоса, мемлекеттік қызметкерлер енді тек 3 жылдан соң ғана пәтер кезегіне тұра алады.

Дереккөз: Алматы ТВ
Все новости