|    |  
08 желтоқсан 2019
00:19
​Асылхан Төлепов ҰОС ардагеріне көмектесті
21 қараша 2017, 09:47 66
«Жау жүрек мың бала» фильмі арқылы танылған Асылхан Төлепов жақсы істерімен жиі көрініп жүретін әртістердің бірі.


 
Бұл жолы да актер осы әдетінен жаңылмады. Алматы көшесінде үйіне жете алмай тұрған ҰОС ардагерін үйіне жеткізіп салған.
 
Актер желідегі парақшасына ардагермен түскен суретін салып: «Қайырлы кеш, достар! Бүгін Гоголь көшесімен келе жатып, жолда қолын көтеріп тұрған атаны көріп қалдым. Қоғамдық көлік (автобус) тоқтамай қасынан өтіп кеткен соң атадан жөн сұрадым. Үйіне жете алмай тұр екен. Отырғызып алып, жайлап əңгімеге тарттым. Василий Федорович - Ұлы Отан соғысы ардагері. Жасы 91-де, Алматы көшелерін менен жақсы біледі екен. Үйіне дейін өзі нұсқап отырды. Жақында өмірлік серігінен айырылған дед Вася (өзін солай атағанды ұнатады екен) үйінде жалғыз тұрады. Мерекелер сайын əкімдік жəне тағы басқа ұйымдар көмек қолын созады екен. Менің айтпағым, осы кісілерді тек мереке күндері емес, əр күні құрметтейік! Олар бұндай құрметке əбден лайық»-деп жазған.
 
Дереккөз: Reactor
Все новости