|    |  
20 қараша 2018
18:39
Атасы мен немересі колледжде бірге оқиды
31 тамыз, 16:19 944


Техастың 82 жастағы тұрғыны Рене Нейр мен оның 18 жастағы немересі Селани Салазар бір колледжде білім алып жүр.
Бойжеткен өзінің твиттердегі парақшасына: «Семестрді менімен бірге Palo Alto колледжінде бастаған атамды мақтан тұтамын. Оның жасы 82-де. Оның күш-қайраты жеткілікті»-деп жазған.
Қария жас күнінде отбасын асырау үшін қара жұмысқа араласып, оқудан қол үзген екен. Бірақ өмір бойы түрлі курстарға қатысып жүріпті. Бәйбішесі қайтыс болғаннан кейін колледжге түсуді жөн көрген.
Немересі болса «Атамның бұл қылығы білімнің қаншалықты маңызды екенін түсіндірді»-дейді.
Қария колледжді келесі семестрде аяқтайды. Бірақ мұнымен тоқтамай, университетке түсуге ниетті. Қарияның өзі: «Мен адамдарды таңқалдырғым келмейді. Мен әркез өзімнің жасағым келген ісімді жасап жүрмін»-дейді.

Дереккөз: planet-today.ru
Теги: Қоғам
Все новости