|    |  
17 қараша 2018
18:01
Атырау тұрғыны баласына Музарт деген ат қойды
07 шілде, 17:04 1700


"МузАрт" тобына ерекше тәнті болған Атырау тұрғыны баласына топтың есімін берді.  Бұл сүйінші хабармен Сәкен Майғазиев өз желі парақшасында бөліскен. Музарт есімді балақай 2016 жылдың 24 маусымында дүниеге келген. Желі қолданушыларының дені баланы олай атағанын қолдай қоймады. "Әрине, МузАрт тобы өте керемет топ, үш ағамыз да жігіттің серісі, осы нар тұлғалы ағаларымыздың есімдерінің бірін беру керек еді, жақсы ниетпен жазып отырмын", - деп таңданыстарын білдірді желі қолданушылары. Ал кейбірі мұндай оғаш аттар таңсық дүние емес екенін алға тартқан.

Дереккөз: zhambylnews.kz
 
Все новости