|    |  
20 тамыз 2019
12:27
Атырауда ит қожайынын бір апта бойы далада күтіп жатқан
13 тамыз 2019, 11:54 66
Атырауда қожайындары алабай тұқымдас иттерін елсіз далаға апарып тастаған. Бірақ ит иелерін күтіп, сол орнында бір апта бойы жатқан. Аш болса да бір орнынан қозғалмаған ит туралы "Мой ГОРОД" порталы хабарлады.


 
Атырау тұрғыны Виктория иттің табылғаны туралы пост оқығанын айтады.

«Мен 30 жылдан бері иттермен жұмыс істеп келемін. Тіпті өзімде приют болған. Мен бұл итке бей-жай қарай алмадым. Оны әкеліп, тастап кеткенін бірден ұқтым. Ит біп апта бойы отырған. Самал шағын ауданының ең шеті. Ол жерге жақын маңда дүкен бар. Бірақ итті ешкім тамақтандырмаған»-дейді.  
 
Виктория итті алып кету үшін көлік пен кинолог тапқан.
«Ит жатқан жерге келгенде оның жерді қазғанын көрдік. Оған ыстық болған. Бірақ кетпей, иесін күтіп жатқан. Кинолог оған қарғыбау кигізгенде оның жүруге шамасы жоқ екенін көрдік. Оның қабырғасы бір-біріне жабысып қалғандай. Оны менің аулама әкеліп, торға қамадық»-дейді.
 
Қазір Виктория оған Мадлен деп ат қойған. Дереу ветеринарды шақырып, ем жазғызған.
 
«Итті тұқым алу үшін ұстаған. Ит ауру. Көп күшіктегенге ұқсайды. Қансыраған. УЗИ өткізіп, емдеу керек. Мен оны емдеп, күтім жасаймын. Содан кейін еріктілерге беремін» - дейді Виктория.
Все новости