|    |  
15 қараша 2018
04:50
Ауғандық түйе АҚШ солдатын теуіп жіберді (видео)
10 қыркүйек, 15:52 1692
Әлеуметтік желілерде Ауғанстанда америкалық солдатты теуіп жіберген түйе туралы бейнежазба үлкен танымалдыққа ие болды. Алғашқы тәулік ішінде бейнежазбаны 100 мыңға тарта адам тамашалап үлгерген.



Бейнежазбадан АҚШ солдаты қалжыңдап өз бетімен жайылып жүрген түйеге тисіп көрмек болады. Алайда, ойсылқара пірі адамзаттың өзіне тиіскенін жөнсіз  көрді ме, артқы аяғымен солдатты сарт еткізіп теуіп жібергендігін көруге болады.




"Солдаттар қарауылдап жүрген кезде түйелерге көздері түссе керек. Олардың ішіндегі Франк есімді жігіт өзінің батылдығын  ойсылқара пірі арқылы тексеріп көрмек болады. Бірақ ісі сәттіз аяқталды..." деп жазады жергілікті басылым.

Дереккөзі: dni.ru
Все новости