|    |  
18 желтоқсан 2018
18:05
Австралияда нашақор ұлын анасы торға қамап қойды
02 қыркүйек, 11:55 934


Австралияның Рокгемптон қаласының тұрғыны 17-жастағы нашақор ұлы үшін құрыштан тор жасатқан. Бұ туралы The Daily Mail хабарлайды.
Ұлының қылығынан әбден мезі болған ана темір құрсауды жасату үшін  3 мың доллар жұмсаған.

Осы арқылы ана өзінің ұлын сырттағы әсерлерден қорғағысы келеді екен. Есірткі құмар баланы емдеуге елдегі барлық оңату орталықтары бас тартқан. Оның үстіне бала өзіне оншақты рет қол жұмсамақ болған екен.

«Торға отыруға ұлымның өзі келісімін берді. Ол: «маған есірткі дозасын берсен, мен барлығына да көнемін»деп отыр, -дейді австралиялық әйел.

Небәрі 17-жастағы жасөспірім отбасындағы проблемалардан болып марихуан тартып, ішім ішіп кеткен. Уақыт өте ауыр есірткілерді пайдалана бастаған.

Дереккөзі: Lenta.ru
 
Все новости