|    |  
12 желтоқсан 2018
23:45
Әйелдер неге бала сүйгісі келмейді?
20 қараша, 12:34 64
Қазір жар құшып, сәби сүюге асықпайтын қыз-келіншектер көп. Бұған не себеп? Психологтар бұның кең тараған сегіз себебі бар дейді.


 
1. Лайықты ер адамның болмауы

Бикештер қасынан сенімді, жауапты, өзін сүйетін, қамтамасыз ететін ер азаматты көргісі келеді. 
 
2. Ата-анасының нашар үлгісі

Әкесіз өскен немесе үйінде әкесінен көп зәбір көрген қыздар жар құшып, бала күюге асықпайды. Оны көріп өскен қыз анасының тағдырын қайталағысы келмейді. Себебі ішінлде қорқыныш тұрып қалған.
 
3. Материалдық жағдай
Қазір әр басқан қадам ақшаны талап етеді. Мұны қыздар да жақсы түсінеді. Ал баланы қамтамасыз ету тіпті қиын. Сондықтан да қыздар бірінші өздерінің жағдайын жасауға және жағдайы жақсы жігітке тұрмысқа шығуға тырысады.
 
4. Денсаулықтың болмауы
Көптеген қыз-келіншектер қазір денсаулығына байланысты да сәби сүйе алмайды. Себебі қазір экология мен тамақ таза емес. Мұның бәрі қыздың денсаулығына жасынан әсер етеді.
 
5. Мансап қуу
Қазір қыз-келіншектер қоғамдағы өз орнын табуға, мансап қууға тырысады. Себебі мансап материалдық жағдайын жақсартады. Сол себепі де көпшілігіне жеке өмірді кейінге қалдыруға тура келеді.
 
6. Еркіндікті жоғалту
Сондай-ақ қыз-келіншектер еркіндігін жоғалтып алудан қорқады. Тұрмысқа шыққаннан кейін еркіндігі шектеліп, міндеттері көбейетінін түсінеді. Сол себепті де тұрмыс құруға асықпайды.
 
7. Аналық инстинктінің болмауы
Қыз-келіншектердің 10%-ында аналық инстинкт мүлде жоқ. Бұған туа біткен ерекшелік деп қарау керек. Бұл әр әйелдің жеке таңдауы.
 
8. Эгоизм
Тек өздері үшін өмір сүргенді қалайтын қыздар бар. Оларды бала кезінде көп еркелеткен болуы мүмкін. Мұндай қыз-келіншектер уақыты мен күш-қайратын өзінен басқаларға жұмсағысы келмейді.
 
Егер әйел бала сүйгісі келмесе оны асықтырудың қажеті жоқ. Тек психологиялық тұрғыдан есейген адамдар ғана баланы саналы түрде жоспарлай алады. Бала – үлкен жауапкершілік. Және ерлі-зайыптылардың екеуі де оған дайын болуы керек.
 
Дереккөз: Сегодня
Все новости