|    |  
23 мамыр 2019
16:12
​Әйелін аңдыған қызғаншақ күйеу өзі қазған орға өзі түскен
03 мамыр 2019, 11:06 296
Мексиканың Сонора штатында қызық оқиға орын алды. 58 жастағы жергілікті тұрғын полицейлерге үйінің астынан үнемі беймәлім дыбыстар шығатынын айтып шағым жасаған. Бастапқыда ол оны егеуқұрықтар деп ойлаған. Кейін дауыстар күшейе түскен.



Содан кейін өзі тексеруге кіріскен. Сөйтіп үйінің жанынан қазылған тоннельді тапқан. Тоннельдің маңынан бірнеше пышақ пен бөтелке табылған. Ал ішінен бұрынғы күйеуі 50 жастағы Гомес шыққан. Оқиға орнына келген құтқарушылар ер адамды 45 минут бойы шығарып алып, ауруханаға жатқызған. Ауруханадан шыққаннан кейін әйеліне жақындамау туралы сот шешімін бұзғаны үшін тұтқынға алынған. Әйелі онымен оның шексіз қызғаншақтығы себепті ажырасып кеткен.

Дереккөз: Сегодня
Все новости