|    |  
19 қараша 2019
12:25
Айнаға қарап, денсаулығыңызды байқаңыз
12 маусым 2019, 15:56 68


Әр күні жұмысқа кетерде айна алдына келіп өз бейнеңізге бір үңілмей жолға шықпайсыз. Дәл осы сәтте өз бет-әлпетіңіздегі өзгерістерге ден қоя назар салсаңыз, денсаулығыңыздағы өзгерістерді байқай аласыз. Бұл аурудың алдын алуға өте пайдалы.

✅  Көзіңіздің үсті іссе

Бұл бүйректің әлсіздігінен немесе бүйректің қабынуынан дерек беруі мүмкін. Мұндайда дәрігерге барып қаралыңыз және қан қысымыңызды өлшетіп көріңіз.

✅  Көздің айналасы қарауытса

Бұл сіздің қатты шаршағаныңызды білдіреді, мұндай шақта демалысты көбейтіп, тыныштыққа назар аударыңыз.

✅  Көзіңіз қанталаса

Ұйқының аздығынан адам көзі қанталауы мүмкін.

✅  Ерніңіз сарғайса

Шылым шегетін адамдардың ерні сарғайып кетеді, бұл жүрек, өкпе сынды ішкі мүшелердің қалыпты қызметіне нұқсан келгенін айғақтайды.

✅  Тілдің үсті ағарып, қалыңдаса

Ас қорытудың жақсы болмағандығынан, асқазанның қабынуынан, асқазан-ішек жолы қызметтерінің қалыпсыздығынан дерек беруі мүмкін. Мұндайда тамақты өлшеммен жеуге назар аудару керек.

✅ Бетке қара дақ түссе

Бұл тамақта витамин В тобының немесе витамин С-ның кемшіл екенін білдіреді. Мұндайда балғын жемістер мен көкөністерді көбірек тұтыну керек.

✅ Тері сарғайып кетсе

Бауырда ыстық немесе т.б. ақаулардың бар екенін білдіреді. Мысалы, бауырдың қабынуы, бауырдың қатаюы сынды.

Дереккөзі: "ПТ" топтамасынан
Все новости