|    |  
14 қараша 2018
09:48
Айтыскер ақын Айнұр Тұрсынбаева қажылыққа барды
25 наурыз, 15:46 1906

Айтыскер ақын Айнұр Тұрсынбаева жер бетінде ең бірінші тұрғызылған үйге барып, Алла алдындағы парызын өтеп қайтты.

Бұл туралы Stan.kz  хабарлайды.

“Сөз тартыспайтын, ешкімді ренжітпейтін адам жәннатқа кіреді” дейтін Айнұр Тұрсынбаева жақын күндердің бірінде қажылыққа барды. Ол қажылыққа Беклан Көпбосынов есімді ұлын да ерте барған.

Айтыскер ақын бұл туралы “Аса мейірімді Раббым барша мұсылманға қасиетті қара тастың жанына дұға жасауды нәсіп етсін!”, – деп қажылықты ұйымдастыруға көмектескен жандарға алғысын білдірді.

Елімізге танымал жұлдыздардың ішінен Мейрамбек Беспаев, Қыдырәлі Болманов, Абай Бегей, Төреғали Төреәлі мен Ақжол Мейірбеков те қажылыққа барып қайтқан-ды.

Теги: Главная
Все новости