|    |  
13 қараша 2019
02:22
​Айым Сейтметова ажырасқан жігітке тұрмысқа шыққалы жатқанын мойындады
18 қазан 2019, 10:23 690
Бірер күннен кейін ұзатылғалы жатқан жас актриса Айым Сейтметова «The Эфир» бағдарламасына сұхбат беріп, жеке өмірі жайлы айтты.


 
«Жолдасым екеуміздің танысуымыз қызық болды. Менің автокөлігім бұзылып, автосервиске алып бардым. Ол сол жердің қожйыны. Бірінші көргенде ішім қылп етті. Содан кейін ол маған хабарласып, кездесуге шақырды. Бірінші кездесуде өзі жайлы бар шындықты айтты. Екі жыл бұрын ажырасқанын жасырмады. Екі баласы бар. Бұл өмір, бұл тағдыр. Мен ешкімнің күйеуін тартып әкеткен жоқпын. Маған кейде солай жазып жатады. Мен осы бағдарламада сол әңгімелердің басын ашып айтайын дедім. Мен ешкімнің отбасын бұзған жоқпын. Ол менің тәрбиеме жат. Ол кісі Ақбөбенің, кіші жүздің жігіті. Балаларымен араласып тұрады. Болашақта біздің де балаларымыз араласуы керек. Мен оған түсіністікпен қараймын»-дейді жас актриса.
Все новости