|    |  
20 қыркүйек 2019
14:47
«Аз қамтылған» азамат әлеуметтік көмекті алуға қымбат көлікпен келген
28 тамыз 2019, 11:33 310
Павлодарда «аз қамтылған» азамат әлеуметтік көмекті алуға соңғы үлгідегі LEXUS көлігімен келген, деп хабарлайды Павлодар-онлайн


 
Бұл туралы еріктілер инстаграмдағы @club_dobryakov_pavlodar парақшасында жазған.
 
«Қайырымдылық портфелі» акциясын бірінші жыл өткізіп тұрған жоқпыз. Бұл туралы бізден ешкім сұраған жоқ. Біз өзіміз осындай шешім қабылдадық. Кеңсе тауарларын өз ақшамызға аламыз. Кәсіпкерлер жақсы көмектеседі»-дейді қоғам белсенділері. 
Олардың сөзінше биыл бұл клубқа балаларын мектепке дайындауға қиналған 300-ге жуық отбасы жүгінген.
 
- Бұл отбасыларды жақсы білеміз. Олардың шынымен жағдайы қиын. Арнайы күнді белгілеп, қайырымдылық портфельдерін ата-аналарға тараттық. Клубта бірнеше жинақ артық қалды. Біз оларды резервтегі тізімде тұрған аз қамтылған отбасыларға беруді жөн көрдік. Осындай отбасылардың бірінен ер адам келді. Анықтамада олардың айлық табысы 25-31 мың теңге деп көрсетілген. Аз қамтылған әрі көп балалы отбасы. Ал кейін отағасының соңғы үлгідегі Lexus көлігімен жүретінін және жақсы үйде тұратынын білдік. Көзімізді жеткіздік. Фактіміз бар»-дейді қоғам белсенділері.
 
Олар балаларға зиян тигізбес үшін бұл отбасының деректерін жарияламауды жөн көрген. Бірақ ата-аналардың мұндай қылығы ұят екенін айтуда.
Все новости