|    |  
22 қазан 2019
13:18
Әз Жәнібек һәм Жиреншенің сыны
02 мамыр 2019, 09:40 112


Әз Жәнібек хан ноғайлы жұртымен бірге, қалмақ елін де билеп тұрады. Ол ел тағдырын он екі бимен ақылдасып шешіп отырады екен. Бидің үлкені баяғы Жиренше. Билердің білгірлігін сынап хан бір күні:
- Әу, Жиренше. Адам қалай қадірлі болады?- дейді. 
- Қадірлі болғысы келген адамға үш жолдас керек- дейді Жиренше табан астында. 
- Ие, қандай жолдас?
- Бақыт, дәулет, ырыс.
- Ал басқа пәле қайдан?
- Басқа пәле тілден. 
- Кәріліктің белгісі не деп білесің? - дейді хан.
- Қаратауға қар жауар, 
Қарсы алдынан жел тұрар- дейді Жиренше.
- Қыз алған қалай? 
- Қыз: ,,Өзің білесің,, дер. 
- Жеңге алған қалай?
- Жеңге : ,,өзім білем,,дер.
- Жесір алған қалай?
- ,,Балам білер,, дер. 
Бас биінің білгірлігіне хан осылайша тәнті болады екен. 

"Даланың дара ділмәрлары" кітабынан.
Все новости