|    |  
25 сәуір 2019
22:58
Әзербайжанның ұлттық валютасы еркін айналымға жіберілді
21 желтоқсан 2015, 14:37 5


Әзербайжанның Орталық банкі манатты (ұлттық валюта) еркін айналымға жіберді, деп хабарлайды РБК.

Әзербайжан ақшасының еркін айналымға жіберілуіне серіктес елдердегі валюта курсының девальвацияға ұшырауы себеп болған. Мемлекетте доллардың ресми курсы 47%-ға артты.

«Шешімге сәйкес, манат курсы валют нарығындағы сұраныстар мен анықталған жағдайларға байланысты реттеледі. Әзербайжан орталық банкінің валюта нарығына қатысуы осы режим бойынша жүзеге асырылады» — делінген банк хабарламасында.

Сондай-ақ, банк шешімнің нарықтағы энергия тасымалдаушылар арасындағы артық ұсыныстар мен мұнай өндіруші елдердегі экономикалық өсімнің әлсіреуіне байланысты қабылданғанын түсіндірді. Бұған дейін Әзербайжанның ұлттық валютасы манат ақпан айында мұнай бағасы 50-55 доллар болған кезде құлдыраған еді. Енді экономика нарығына байланысты екінші мәрте құнсызданды.

Дереккөзі: http://7kun.kz/
Все новости