|    |  
14 қараша 2018
03:22
​Азия даму банкі Қазақстанға $1 млрд. кредит бөлді
21 тамыз, 15:23 1195
Бүгін, 21 тамыз күні Азия даму банкінің кеше теңгені еркін айналымға жіберген Қазақстанға 1 миллиард доллар көлемінде кредит бөлуді мақұлдағаны белгілі болды. Бұл туралы банкінің хабарламасына сілтеме жасаған РИА «Новости» хабарлады.



Қазақстан 20 тамызда валюта дәлізін алып тастап, теңгенің еркін жүзу бағамына негізделген жаңа ақша-кредит саясатын жүзеге асыруға кірісті. Осы жаңалықтың дүмпуімен елдің ұлттық валютасының биржалық бағамы бір долларға 255,26 мөлшеріне дейін құлады. Бұл теңгенің тәулік ішінде 26 пайызға арзандап кеткенін көрсетті. Жұма күні доллардың күші біршама әлсіреп, 2,79 теңгеге төмен түсті. Сөйтіп, 1 доллардың бағамы 253, 47 теңгеге тұрақтады.

Банк беріліп отырған несиенің Қазақстанға «мұнайдың әлемдік бағасының төмендеуі мен көрші елдерде экономика дамуының баяулауынан туындайтын күтпеген зардаптарды жеңілдетуге септігін тигізетін болады».

Дереккөзі: ras.kz
Все новости