|    |  
18 қараша 2018
21:31
БАӘ-де америкалық бойжеткен жігіттермен сөйлеспегені үшін сотталды
13 сәуір, 11:39 758
23 ақпан күні Біріккен Араб Әмірлігі Абу-Даби әуежайында қамауға алынған америкалық азамат сотталды. Ол қоғамдық орында балағат сөз айтқаны үшін айыпталған болатын.


25 жастағы әйел Федералды Жоғарғы сотта әуежай алдында такси күтіп тұрған кезде, екі бейтаныс жігіт келіп сөзге тарта бастағанын тілге тиек етті. Айтуынша, оның жауабы жігіттерге ұнамай қалған. Америкалық бойжеткен не себепті сотталғанын түсінбейді.

“Адамдар маған көмек қолын ұсынды. Менің рейсім 1:29-да ұшпақ болған. Асығып тұрғандықтан, олармен сөйлесуден бас тарттым”, – дейді әйел. Оның сөзіне сенсек, іс сотқа жететіндей ешнәрсе болмаған.

Сотта әйелге нақты қандай айып тағылғаны әзірге белгісіз. Әйел өзіне тиесілі айыппұлды төлеп, соттан босатуды сұрады. Сот үкімі 2 мамыр күні шығады. Абу-Дабидегі АҚШ елшілігі бұл жағдайдан хабардар екенін айтып, торға түскен әйелге мүмкіндіктерінше көмек көрсетіп жатқанын айтқан.

Батыс елдеріне қарағанда, БАӘ-де сот қатал. Аталған елде адамды балағаттау тәртіпті бұзу емес, қылмыстық іс болып есептеледі. Әмірлік көшбасшыларына бағытталған кез келген балағат сөз үшін адам темір тордың арғы жағынан бірақ шығуы мүмкін.

Stan.kz
Теги: Қоғам
Все новости