|    |  
27 наурыз 2019
10:00
​Бақытсыз адамдарға аяушылық танытыңыз
11 наурыз 2019, 16:41 96


1. Көбінесе бақытсыз адамдар ғана айналасындағыларға ауыр сөздер айтады. Оларды бірден айыптаудың қажеті жоқ. Ол жұмыссыз, отбасы жоқ, денсаулығы нашар, айықпас дертке шалдыққан адам болуы мүмкін. Олар өзіңізге шабуыл жасаған кезде оның өмірде жолы болмаған адам екенін есіңізде сақтаңыз" 

2. Біреудің дөрекі мінез танытқанын немесе қатты ашуланғанын көрсеңіз, шын ниетіңізбен жүзіне қарап тұрып жымиыңыз. Оған аяушылық танытыңыз. Әркімнің басында қиындықтар бар екені анық. Алайда олар сізге қарағанда, әлдеқайда бақытсыз. 

3. Бетпақ адамдар айналадағылардан өкініш, реніш, қорқыныш, жас, дөрекілік сындыларды күтеді. Ешуақытта қарсы алдында тұрған адам жымияды деп ойламайды. Бәрін дұшпанындай көреді. Ол сіздің бұл әрекетіңізді түсінбей дал болады. Ойланамын дегенше ашуы тарқап, дөрекі мінезден бас тартады. 

4. Олардың деңгейіне түспеңіз! Егер қарсы алдыңызда тұрған адам артық кетіп, намысыңызға тиген болса, сіз де қарап қалмаңыз. Өзіне лайық жауап қайтарыңыз. Бірақ олардың деңгейіне түспеңіз. Ұрысыңыз мәдениетті болсын. Тәрбиесіз адам осыдан кейін жөнге келмесе, сөзге тоқтамаса, оның расында да ауру болғаны!
Все новости