|    |  
13 қараша 2019
02:09
Бақытты болуға не кедергі?
18 сәуір 2019, 12:33 123


Өмір сүруге, шаттануға, қуануға кедергі ететін нәрселерді білесіз бе? Біз өмір жолында сан түрлі қателік жібереміз. «Абайла, байқа» деген нұсқаулықтарды естіген болсақ та, сол қателіктерге ұрына береміз. 

1. Өткенмен өмір сүру 

Бұл - алғашқы қателік. Егер сіздің есіңізден болған жайттарды жұлып алып тастаса, сіз күрт өзгерер едіңіз. Жаңа өмірге шаттанып, тек ілгері жүруге талпынар едіңіз. Рас қой? 

Бізді бір орынға шегелеп, ұстап тұрған – өткеніміз. Ертеректе жіберген қателіктерімізбен өзімізді жегідей жеп, маза бермейміз. Көптеген адам «мен бұған ештеңе істей алар емеспін» деп ақталады. Расында да, өткеннің ауыр залалынан құтылу мүмкін емес секілді. Ең алдымен, одан арылуға өзіңіз қадам басуыңыз керек. Болашақта бақытты болу үшін бүгін қуануыңыз керек. Терең дем алып, өткенді босатыңыз. Жаңа қуаныш, жаңа естеліктерге орын беріңіз. Сізді бақытты ете алатын – өзіңіз. 

2. Тәуекел 

Тәуекелге барудан қорықпаңыз. Отыра бергеннен түк шықпайды. Оған телефон шалуға күмәнданып тұрсыз ба? Нөмірді теріп, мәселені шешіңіз. Ірі компанияға түйіндеме жіберуге күмәнданып тұрсыз ба? Тәуекелге бел буып, жіберіңіз. Себебі, ештеңе жоғалтпайсыз, керісінше, дегеніңізге жетуіңіз әбден мүмкін. Қызды ұнаттыңыз ба? Жүрексінбей, гүліңізді алып, сезіміңізді айтыңыз. 

Әдетте адамдар қателік жіберуден қорыққандықтан, тәуекелге бармайды. Қатесіз табысқа жеткен адамды көрдіңіз бе? Қателіктер бізге қажет екенін ұмытпаңыз. Олар арқылы біз өзімізге не керектігін анықтаймыз. 

Мұндай кішігірім қадамдар сіздің мінезіңізді, жігеріңізді қатайтып, «тәрбиелейді». Жақсы қасиет емес пе? 

3. Бағалау 

«Барымен базар болу керек» дегенді қанша рет естідіңіз? Бұл мәтелмен бас ие келісе кетеміз, өкінішке орай, ісіміз сәйкес келмей жатады. Қолымыздағы бақытты даладан іздейміз. Жақындарымызды «ешқайда кетпес» деп ренжітіп жатамыз. Ашуға беріліп, ауыр сөздер айтамыз. Мұның бәрі негативтен бастау алады. 

Ең алдымен, жақындарыңызды бағалай біліңіз. Оқып жүрген оқуыңызды, жұмысыңызды бағалаңыз. Егер ұнамаса, өзгертуге талпыныңыз. Қарғыс айтып, ызаланғаннан түк шықпайды. 

Біз өмір жолында сан түрлі қателік жібереміз. «Абайла, байқа» деген нұсқаулықтарды естіген болсақ та, сол қателіктерге ұрына береміз. Ал, өмір сүруге, шаттануға, қуануға кедергі болатын нәрселерді білесіз бе? 

4. Қорқыныш 

Барлық қорқынышымыз ойымыздан пайда болады. Әдетте, «болашақта не болатыны белгісіз» деген негізбен өлімнен, аурудан, сәтсіздіктен, қате жіберуден қорқамыз. Алдымызда не күтіп тұрғаны белгісіз болғандықтан, оны мезгілінен ерте, себепсіз уайымдап, сарғайып жатамыз. Тек жақсы дүниені елестетіп, жақсы нәрселер жайлы ойлағаныңыз дұрыс. 

Қорқынышпен күресу керек. Оған төтеп беріңіз. 

Әрине, өмір жолында қате жіберіп отырамыз. Алайда, олардың сізге тәжірибе болатынын, шыңдалуыңыз үшін қажет екенін ұмытпаңыз. 

5. «Өзіммен өзім» 

Қазіргі қоғамның басты ұранына айналған сөз емес пе? Жақының болсын, бөтен адам болсын қол ұшын беру игі іс. Игі істі шын ниетпен жасау керек. 

6. Қате ұстаным 

Кез келген іс-әрекеттің сәтті болуы неге байланысты? Әрине, ниетке. Егер сіз шын қалап бір істі бастасаңыз, жолыңызда қанша кедергі шықса да, оларға төтеп беріп, нәтижеге қол жеткізесіз. Ал егер сіз қаламасаңыз, қанша тырысқаныңызбен ойдағыдай болмайды. Яғни, «мен … міндеттімін» деген қате ұстанымнан арылуыңыз керек. Күмәнданып тұрсаңыз, бас тартыңыз. Сіздің жалғыз міндетіңіз – өмірде өз орныңызды тауып, өзіңізге, жақындарыңызға қамқор болу. 

7. Өкініш 

Күніне қанша шешім қабылдайсыз? Аялдамаға кеш келіп, автобустан көз жазып қалдыңыз делік, бірден өкініп, өзіңізді сөге бастайсыз. «Ертерек шығу керек еді», «таңғы асты ішпеу керек еді», «ерте жату керек еді», тағысын тағылар. Бұл жерде «болған іс болды, бояуы сіңді» деген мәтел орынды болар. Жолыңыз болмады ма? Өкінбеңіз, мұңаймаңыз. Көкжиектен жаңа таң ататынын естен шығармаңыз.
Все новости