|    |  
19 қазан 2019
04:36
Бақытты өмір сүргіңіз келсе
15 ақпан 2019, 10:24 41


Бақытты өмір сүргіңіз келсе, бәрі де өз қолыңызда. Ең бастысы төмендегі қағидаларды жадыңызды ұстаңыз. 

✅  1. Күніне кем дегенде 3 адамға қуаныш сыйлаңыз. 

✅  2. Көп армандаңыз. Армандар орындалады. 

✅  3. Күш-қуатыңызды өтірік, өсек айтуға жұмсамаңыз. 

✅  4. Өмір өте қысқа. Сондықтан өшпенділікке уақыт құртпаңыз. 

✅  5. Өз өміріңізді өзгелердің өмірімен салыстырмаңыз. Өйткені олардың басынан не өткергенін сіз көрген жоқсыз. 

✅  6. Өз өміріңізді бақытты ететін өзіңіз екенін естен шығармаңыз. 

✅  7. Ұйқыңызды қандырыңыз. 

✅  8. Көп оқыңыз. Оқыған адамның ғана ойлау қабілеті өте жоғары болады. 

✅  9. Күніне 2 литр су ішуді әдетке айналдырыңыз. 

✅  10. Өткен іске ешқашан өкінбеңіз. Бірақ болашақта қайталамаңыз. 

✅  11. Бұл өмірдегі бар байлығыңыз — отбасыңыз екенін ұмытпаңыз. 

✅ 12. Өз-өзіңізді жақсы көріңіз. 

✅ 13. Уақыт зымырап бара жатыр. Жақсы адамдармен араласыңыз. 

✅ 14. Басыңызға қандай іс түссе де, күлімдеп жүріңіз. 

✅ 15. Жиі жақсылық жасаңыз. Ол міндетті түрде қайтады.
Все новости