|    |  
16 қазан 2019
16:51
Балаға кітап оқытудың тиімді әдістерін ұсынамыз
19 маусым 2019, 16:06 105

Баланың  бойында оқуға деген қызығушылықты қалай оятуға болады? Бұл сұрақ қазіргі кезде ата-аналарды да, ұстаздар қауымын да қатты толғандырады. Кітапқа деген махаббаттың пайдасы мол екені дәлелді қажет етпейді. Бұл жасөспірімдердің интеллектуалды дамуы мен оқудағы үлгерімнің негізі болып есептеледі. Сондықтан баланы кітап деген сиқырлы әлеммен достартыру жеңіл жұмыстар қатарынан емес. Осы тұрғыда біз психолог маманмен кеңесуді ұйғардық.

Баланы ерте жастан кітапқа баулу қажет.

Ана құрсағында жатқан сәбидің 13-ші аптасынан бастап есту қабілеті дамиды. Яғни, нәресте ана даусын ести алады. Дәл осы кезде оған ертегі кітаптар оқып беруге әбден болады.
Бала дамуында айрықша жас ерекшеліктері бар. Ол – 3-5 жас, 8-11 жас, 11-13 жас, 16-25 жас аралығындағы кезең. Ақыл-ойы, сезімі, еркі және интеллектуалды қабілеттерімен қатар жоғары жүйке жүйесіне тән танымдық процесстер дамиды. Өзі куә болған оқиғаларды, көргендерін, естігендерін, оқығандарын есте сақтайды.
Оқуды қашан және қалай үйрету керек? Ол ең алдымен баланың жеке ерекшеліктеріне байланысты. Егер сіз өз қабілеттеріңізге сенімді болмасаңыз, балаңызды мектепке даярлайтын орталыққа немесе дайындық курстарына беріңіз. Басты міндетіңіз – баланы осы үдерісте барынша қызықтыруға тырысу. Ата-аналар үшін ауадай қажеттісі – сауаттылыққа үйрету.

Кітап бала зейінін қалай ашады?


 Кішкентай баланың анасымен қосыла оқитын кітабы – оның шығармашылық ойы мен сана-сезімін дамытуға, сөйлеуге және дүниетанымының кеңеюіне мүмкіндік береді. Бала айналасынан тыс шығып, керемет әлемді кітаптан басқа қай жерден көре алады? Жақсы кітап балаға жаңа ақпаратқа мұқтаждық сыйлайды және оған өмір бойы қалатын жаңа әсер қалдырады.

0-ден 5-6 айға дейінгі балалар үшін

 Ең кіші жаста (0-ден 5-6 айға дейін) кітаппен таныстыру мүмкін және оны балалар өлеңдері мен әндерінен бастаған жөн. Сәбилер рифма және музыкалық ырғақты тым жақсы сезеді. Сөз мағынасын түсінбесе де, олар ырғақтарға және анасының дауысына өзіндік жауап бере алады. Осылайша нәрестенің эмоционалдық дамуы қалыптасады. 2-3 айлық сәбиге жарқын иллюстрациялар көрсете отырып, оның ойлау жүйесіне, концентрациялау қабілетіне ие бола аласыз.

 6 айдан 1 жасқа толған балалар

 5-6 айдан кейін бала тек кітаптарға қызығушылық танытуы керек. Өйткені, айналасында не бар, соны толық таниды. Алты айлық бала өз қолдарын белсенді пайдалануға кіріседі. Әртүрлі заттарды ұстап, сілкіп, дәмін татып көреді. Баланы ойыншық кітаптармен таныстырыңыз, ол сезімталдығы мен сергектігін дамытуға көмегін тигізеді. Бұл өз кезегінде сөйлеуге ынталандырады.

Бір жылға жақындаған немесе одан асқан балаға қағаздан, картоннан жасалған кітаптарды оқи аласыз. Қауіпсіздік мақсатында, «оқу сеансы» аяқталғаннан кейін, мұндай кітаптарды кішкентай баланың қолынан алып қойыңыз. Себебі бала кітапты жыртып қана қоймай, қағазды жеп қоюы да мүмкін.

 Қазақ халқы бесіктен белі шығып, тапыл-тұпыл жүре бастаған кезден бастап бала дамуына көбірек көңіл бөле бастайды. Бұл кезеңде тілін дамытуға, ой-өрісін кеңейтуге, талғампаздыққа үйретуге ерекше мән берген. Сол замандарда аталар мен әжелер керемет ертегі айтатын. Біз ұлттық үрдісті айрылып қалмай, жаңаша мазмұн беріп, қайта түлетуіміз қажет.

Дереккөзі: syrlasu.kz
Все новости