|    |  
26 маусым 2019
23:15
Баланың ақылына әсер ететін тағамдар
04 маусым 2019, 12:10 56
Баласының денсаулығы мен оның ойлау жүйесіне алаңдайтын ата-аналар үшін оларға пайдалы тағамдар жайлы ақпарат керек-ақ. Ендеше бүгін біз сіздерге баланың денсаулығына пайдасын және оның ақылды болып өсуіне септігін тигізетін тағамдардың тізімін ұсынбақпыз. 



Арқан балық. Бұл балықтың баланың миына әсері мол. Арқан балықты балаға көкөністермен қосып беруге болады. 

Жұмыртқа. Жұмыртқаның сарысы есте сақтау қабілетін жақсартады. Балаға жұмыртқаны қайнатып та, қуырып та беруе болады. 

Жержаңғақ майы. Жержаңғақтың құрамында Е дәрумені көп. Мұндай майды жаңа піскен ыстық нанға жағып жеген пайдалы 

Дәнді-дақылдар. Дәнді дақылдардан дайындалған ботқаға арналған үгітпелердің құрамы глюкоза мен В тобындағы дәрумендерге бай. 

Жидектер. Құлпынай, шие, бүлдірген, қарақат сынды жидектердің құрамында қатерлі ісік ауруларын болдырмайтын пайдалы заттар бар. 

Асбұршақ. Үрме бұршақ, ноқат, жасымық сынды асқа жарайтын бұршақтардың пайдасы көл көсір. Бұлармен сорпа жасап ішуге болады. Сонымен қатар түрлі салатқа дәміне қарай қосуға да болады. 

Көкөністер. Қызанақ, кәді, асқабақ, болгар бұрышы, жүгері сынды көкөністердің ми жасушаларына пайдасы мол. 

Сүт тағамдары. Сүт, айран, ірімшік, секілді сүтті тағамдардан мүлде бас тартуға болмайды. Балаларға қолдан йогурт жасап бергеніңіз дұрыс. 

Майлы емес сиыр еті. Сиыр етінен жасалған сорпа тіпті бөлек. Балаға етті қайнатып бергеннің пайдасы көп. 

Ас болсын!

Дереккөз: Reactor
Все новости