|    |  
19 наурыз 2019
10:43
Балаңыздың ойын біле жүріңіз
27 ақпан 2019, 19:43 9
Кейде ата-ана бала тәрбиесіне қатысты сан сақтың қайсысын таңдарын білмей, әр жолын бір байқаудан өткізеді. Сөйтіп қателікке бой ұруы да мүмкін. Ал бір ғана қателік баланың өмірлік тағдырына әсер етуі ықтимал. 



Бала бұзықтық жасаса не теріс қылығына қандай шара қолдануды білмесеңіз, баланың өзінен «Осындай әрекетке барған адамға сен не істер едің?» деп сұрауға болады. Балалар ата-анасына айтқысы келетін ескертпеге құлақ түріңіз. 

Орындай алмайтын болсаңыз, уәде бермеңіз. Әйтпесе менің сіздерге деген сеніміме селкеу түседі. 

Мен қателік жасасам, өзгелер алдында қорғаштауға тырыспаңыз. Өз қателіктерім өзіме сабақ болсын. 

Мені шектен тыс еркелетпеңіз. Бұл әрекеттен болашағыма балта шабылуы мүмкін. Менің қалағаным міндетті түрде орындала бермейтінін білемін, кейде жай ғана сіздерді әуре-сарсаңға түсіремін. 

Ашық түрде сұрақ қойсам, қоспасыз, боямасыз түрде жауап беруге тырысыңыз. Барды бар, жоқты жоқ күйінде жауап бермесеңіз, сіздерге мүлдем сұрақ қоймай, жауапты сырттан іздейтін боламын. 

Маған қатал қабақ танытудан қорықпаңыз. Дәл осы әдісті өзгелерден артығырақ қабылдаймын. Бұл маған өмірден өз орнымды табуға жақсы көмектеседі. 

Менің қолымнан келетін істі жеке өзіме қалдырыңыз. Менің орныма орындап беретін болсаңыз не бар жағдайымды жасай берсеңіз, жеке тұлға боп қалыптасуым ұзаққа созылады. 

Тиянақсыз болмаңыз. Қадалған жеріңізден қан алмасаңыз, мен де бастаған ісімді тастап жүре беруім мүмкін. 

Қандай іс болса да, менің қолымнан келетініне күмән келтірмеңіз. Кез келген биікке өз күшіммен жетуді үйренемін. 

Мені өзге кісілердің қарауына қалдырып, бөтеннің тәрбиесіне бермеңіз. Айналайын сияқты естілетін «ақ мамамның айқайынан» ешкімнің ақылы артық бола алмайды. Ескерту берер болсаңыз, көзбе-көз отырып, жайлап түсіндіріңіз. 

Қандай жағдай болса да, мен сіздерде жан-жүрегіммен жақсы көремін. Маған да әрдайым махаббатпен жауап бергеніңізді қалаймын.

Дереккөз: Reactor
Все новости