|    |  
11 желтоқсан 2018
14:07
Барак Обама Твиттерден өз парақшасын ашты
19 мамыр, 11:36 630
Барак Обама Твиттерден өз парақшасын ашты


АҚШ президенті Барак Обама Twitter әлеуметтік желісінен өз аккаунтын ашып алды. Оның парақшасының адресі:https://twitter.com/POTUS.

Обаманың Твиттердегі ең алғашқы жазбасы "Сәлем, Twitter. Бұл - Барак. Шынайы өзі. Алты жыл бойы қызметте отырып, енді өз аккаунтымды аштым" деп басталады.

Осы жазбасын орналастырысымен оның оқырмандарының саны 22 мыңнан асып кетті. Ал, Обаманың өзі болса 65 адамның парақшасына жазылған.

Президент әкімшілігі аталған аккаунттың жалған емес екенін, оны расымен де Барак Обаманың өзі ашқанын растап отыр. Енді әрбір жазбаны көмекшілері емес, президенттің өзі жазып орналастырып отырады.

Дегенмен, 2 жылдай уақыттан кейін Обаманың президенттік мерзімі аяқталады. Мұнан кейін ол Твиттер парақшасын өзі жүргізеді ме, әлде келесі президентке тапсырады ма, ол жағы белгісіз. 

Дереккөзі:Baq.kz
 
Теги: Главная
Все новости