|    |  
21 қараша 2018
10:56
Барак Обаманың махаббаты туралы фильм түсірілмек
18 мамыр, 10:27 800
АҚШ президенті Барак Обама мен оның әйелі Мишель туралы романтикалық фильм түсірілмек, деп хабарлайды kinostan.kz."Саутсайд сенімен бірге" ("Southside with You") деп аталатын картинаның оқиғасы 1989 жылы Чикагода өрбиді. Ол кезде Барак Обама екінші жоғарғы білімін алып, Sidley Austin фирмасында жұмыс істеп жүрген. Ал Мишель Робинсон аталған уақыт аралығында болашақ президенттің басшысы болған.


Сюжетте екі ғашықтың алғашқы кездесуі баяндалады.

"Саутсайд сенімен бірге" туындысы Ричард Тенның алғашқы режиссерлік жұмысы болмақ. Фильмде басты рөлдерді бұған дейін аса таныла қоймаған Паркер Сойерс пен Тика Самптер сомдайды.

Түсірілім биылғы жылғы тамыз айында басталады, ал фильмнің премьерасы қашан болатыны әзірге нақтыланбады.
Все новости