|    |  
14 желтоқсан 2018
07:58
Башар Асад Сирия үкіметін таратып жіберді
24 маусым, 10:08 996


Сирия президенті Башар Асад үкімет басшысы Ваиль әл-Хальки бастаған билік тобын түгелімен жұмыстан босатты, деп хабарлайды muslim.kz.

Мұндай ауқымды ауыстырудың себебі әзірге айтыла қоймады. Тек белгілісі – жаңа үкімет құрамын бұрынғы Энергетика министрі Имад Хамис басқаратын болады. Қазіргі уақытта оған жаңа министрлер кабинетін жасақтау тапсырылып отыр.

Айта кетейік, Сирия үкіметінің бұрынғы басшысы Ваиль әл-Халькидің қызметінен босатылғаны оның Cирия және Ресей билігінің Алеппоға бірлескен шабуыл бастайтыны жайлы мәлімдемесінен кейін жарияланған. Ал, бірлескен шабуыл жайлы ақпараттың жалған екені кейінірек қайта хабарланған.
 
Все новости