|    |  
14 қазан 2019
13:21
​Башқұртстанда 100 жастағы кейуана алғаш рет автомобиль рөліне отырды
02 қыркүйек 2016, 09:15 27

Башқұртстанда Кашифа Мухаматшарифовна 100 жасында алғаш рет автомобиль рөліне отырды. Оның ауылдастары мен жергілікті әкімшілік мерейтойына орай ақ түсті Daewoo Matiz сыйлады. Әжей 10 бала тәрбиелеп өсірген. Немере, шөбере, шөпшектерін де көріп үлгерген. Сондай-ақ 100 жастық мерейтойының құрметіне РФ президенті В.Путиннің құттықтау хаты табысталды. Кашифа Мухаматшарифовна 1916 жылы дүниеге келген. Оның анасы да 102 жас жасапты. 

24.kz
Все новости