|    |  
15 желтоқсан 2018
02:50
«Басқаларға түкіргенім бар»: Полиция ақтаулық бойжеткенді жазалайтын болады
06 қаңтар, 16:22 728


Ақтауда Toyota көлігін тізгіндеген бойжеткен жаяу жүргіншілер жолын жауып, тыйым салынған жерге көлігін қойған. Оқиға куәгерлері мұны видеоға түсіріп, әлеуметтік желіде жариялаған, деп хабарлайды «Лада».

«Басқаларға түкіргенім бар, көлігімді қалаған жерге қоямын» («Плевать на всех, паркуюсь как хочу») деп аталатын роликті полиция қызметкерлері мұқият зерттеп, бойжеткенге заңға сәйкес жазалайтын болады, деп мәлімдеді облыстық ІІД.

Көлік құралдарының тоқтауы немесе тұрақтауы қағидаларын бұзғаны үшін бойжеткенге 15 АЕК, яғни 36 мың теңге көлемінде айыппұл салынатын болады.

Все новости