|    |  
13 қараша 2018
14:01
Батыр Бауыржан мен бүлдіршін Толқын
20 шілде, 09:33 1075


Халық батыры Бауыржан Момышұлы мен бір кездегі бүлдіршін, бүгінде елге белгілі әнші Толқын Забирова.  Әнші бұл кезде 7-8 жаста. Әжесімен бірге батырдың үйіне қонаққа барған кезде түсірілген сурет. 
Осы суретке қатысты сұхбат бергенінде Толқын Забированың өзі: «Сол кездер есіме түссе, көзіме жас келеді. Ол кездегі адамдардың шына­йы көңіліне, бір-біріне деген ықы­­лас-пейіліне таңғаламын. Әжем­нің Баукеңе арнаған өлеңін үйде ұмытып кеткенін менен кө­ріп, ұрысқан сәтін сағынамын. Бауыржан атамыздың қаталдығы, сұсты адам екендігі туралы көп айтылады. Бірақ мен үшін жұмсақ мінезді, мейірімді адам сияқты. Бұл фотосурет мен үшін ғана емес, бүкіл қазақ үшін де ыстық деп ойлаймын»-дейді.

egemen.kz 
Все новости